" Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Елтай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Ельтай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области " 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Биылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

Стратегиялық құжат халықаралық стандарттарға, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарына негізделген.

Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған.

Осы Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және тиісінше оның ішкі және сыртқы мониторинг тетіктері (арнайы құрылған мониторингтік топ) күшін жойғанын атап өткен жөн.

Тұжырымдаманың қоғамдық мониторингі мемлекеттік органдардың жобалық офистері, Қоғамдық кеңестер және басқа да тәуелсіз алаңдар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Стратегиялық құжаттың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар:     http://adilet.zan.kz/rus/docs/U2200000802

Жаңартылған күні: 27.10.2022 15:10
Құрылған күні: 27.10.2022 15:10

Текст