" Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Елтай ауылының бастауыш  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Ельтай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области " 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Болашаққа бағдар рухани жаңғыру

26.10.2017

«Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»

Заман келбеті

өзгеріп жатқан осы бір кезеңде барың мен жоғыңды безбеңдеп тарихынды түгендеу –

ұлттық тұғырыңды бекіту жолындағы атқарылар басты шаруаның бірі. Ал ұлт

шежіресі мен мемлекет тарихы әр ұлыстың, әр аймақтың, сол жерде мекен еткен

халықтың өткені мен кеткенінен құрылатыны айтпаса белгілі. Осы тұрғыдан алып

қарағанда, Қазақ елінің тарихы үлкен бір том десек, Ерейментау өңірінің тарихы,

соның ішінде Елтай ауылының тарихы алып тастауға болмайтын бір тарауы сияқты.

Ауылдың Елтай

атануы кеңес билігі орнағасын болған жағдай. Бұл Қазақстанда «кіші төңкеріс»

жасаймын деп, милиондаған халықты ашаршылыққа ұрындырып, қырғынға ұшыратқан

белгілі Голощекиннің тұсында Қазақ ССР Орталық атқару комитетінің төрағасы

болған Елтай Ерназаровтың есімімен байланысты. Сол кезде үкімет басында

жүргендердің аты –жөндерін колхоздарға беру саяси дәстүр болған. Осындай

себеппен бұл жаққа ешқандай қатысы жоқ Елтай Ерназаровтың есімі ауылымызға

біржола атау болып қалды.  Тағы бір айта

кетерлігі ауылдасымыз ақындығы мен шежірешілдігі болған Нығмет Ғабдырахманұлы

өз жазбаларында Елтайды « Мәмбет ауылы» деп жазады. Бұның себебі, ауылда

Қанжығалы Мәмбет ұрпақтары тұрады. Мәмбеттен туған Досай, Алтан, Ақпан, Бура,

Тайлақ батырлар XVIII ғасырдағы қазақ-қалмақ соғысының белгілі қаһармандары. Ел

ішінде Мәмбеттің бес қасқасы атанған батырлар. Елтайды « Мәмбет ауылы» деп

жазуында осындай сыр бар.

Бұл жер ерте

замандағы тарихи атауы Едіге болса керек. Себебі ауылдың сыртынан Едіге деп

аталатын өзенше ағып өтеді.

Ауылдың жанындағы

төбенің басында ескі обалар бар. Сол обаларда Сүйіндік-Айдабол -Едіге бидің

сүйегі жатыр. Былтыр жазда басын көтерген болатын.

Елтай ауылы аудан

орталығы Ерейментаудан 18 шақырым батысқа қарай орналасқан. Елтай ауылынан Ұлы

Отан соғысына қатысып, жауды талқандауға өздерінің үлесін қосқан азаматтар да

баршылық. Солардың бірі Тоқсан Құсайынұлы 1943-1944 жылдары ҰОС-на қатысып

жараланып елге оралды. Соғыстан кейінгі жылдарда конбайнші-бригадир болып еңбек

етіп, Москвадағы ВДНХ көрмесіне қатысып, «Құрмет белгісі» ордені марапатталды.

«Қызыл жұлдыз», І- дәрежелі « Ұлы Отан Соғысы» ордендерімен марапатталды.

1928 жылы

Ерейментау ауданы Елтай кентінде дүниеге келген Нұркен Ахметоллаұлы соғыстан кейін

әскери міндетін атқарып келген соң, Ерейментау, Сілеті аудандарында Ішкі Істер

бөлімін басқарды. Ерейментау ауданы Елтай ауылында дүниеге келген Сабит

Мұқанұлы 1958-1963 жылдары Ленинградтың Электротехникалық Институтын ойдағыдай

аяқтап, Целиноград, Павлодар облыстық, қалалық байланыс бөлімінде басшылық

етті. Қазақстанның байланыс министрі болып, Жамбыл облысы обком секретарының

бірінші хатшысы қызметінде болды. «Ленин», « Еңбек Қызыл ту» ордендерімен

марапатталды.

Қазіргі таңда ел

арасында ерен еңбегімен еңбек етіп жүрген ауыл азаматтары да аз емес, солардың

бірі Қащбек Тоқсанұлы Астана қаласында сәулетті құрылыс нысандарын салып,

Қазақстанның құрметті құрлысшысы атағын алды.

Елтай ауылының

тумасы Қияшев Қуаныш Қарыбжанұлы Алматы сәулет-құрылыс иснтитутын бітіріп,

мемлекеттік Жобалау институтына жіберілді. 2001-2002 жылдары Атырау қаласы бас

сәулетшісі қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасының сәулетшілер

одағының Алтын Дипломымен марапатталды.

1994 жыл Елтай

ауылында жаңадан тоғыз жылдық мектеп үйі салынды. Мектепті ауылымыздың азаматы

Елубай Жұмабаев тұрғызған. Ол кісі Қарағанды политехникалық институтын

аяқтағаннан соң,  Ерейментау совхоз

құрылысында мастер болып жұмысқа кірісті. Одан әрі еңбегін УКС басышысы, Теңіз

ауданының атқару комитетінің бастығы, Ақмола облсельхозстройдың орынбасары

қызметін атқарды.

 

 

Просмотров: 416

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст