Тақырыбы:
«Аққулар ұйқтағанда»
Өткізген: Апенова А.К
Иманбаева Г.С
2019 оқу жылы
Аққулар ұйқтағанда-поэма.
Авторы Мұқағали Мақатаев.
Бұл поэма 1973 жылы жазылған.
Қысқаша мазмұны
Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы
ауыр сыркатпен сырқаттанып қалады.
Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен
аластаса ғана дертінен айрылады деп
айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті
бармағандықтан оның орнына анасы
мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін
көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы
мылтығы абайсызда атылып қалады да,
мылтықтың оғы аққуға тиеді.
Шуды естіген қарт жылқышы көлге
қарай келеді де,аққу өлтірген анаға ақыл береді.
Қалай болсада да ана аққуды үйге әкеледі, алайда
үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын
түсінеді.
Поэманың негізгі кейпкері ана бейнесі арқылы көл
еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиға
ұрындыру себебін таныту, қоршаған орта зандылықтарына
карсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіру.
Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігін,
қасиетін, киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның
шынайы сезімін таныту.
Тақырбы: «Аққулар ұйқтағанда»
Сабақтың мақсаты: Білімділік
Сезіммен өлең өрген жыр пырағы
Мұқағали поэзиясына талдау жасау,
ақын шығармашылығының идеясы,
туралы теориалық білім беру.
Ұйымдастырушылығы: оқушылардың пікірталасын,
өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізуге
білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, өлендерін
нақышына келтіріп жатқа оқу , сүйсіне білу,
сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: ақын тілімен салынған табиғат арқылы
эстетикалық талғамға, көркем шығарма арқылы
табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап, сұлулығын
сезініп, қамқорлықпен аялай білуге тәрбиелей отырып,
экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілері: итерактивты тақта, кітап көрмесі, флешка
Жүргізуші: Мұқағали Мақмтаев өлендері, әндері
8-9 сынып оқушылары