«Елтай негізгі мектебі» КММ
Өткізген: Күзен Бұлбұл
Ермуханова А.У.
2018-2019 оқу жылы
«Ана - өмір шуағы!» атты аналар сайысы
1 - жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар. Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Ана - өмір шуағы!» байқауын тамашалауға шақырамыз.
8 наурызға арналған құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Кусаинова Б.С беріледі.
2 - жүргізуші: Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің.
Босатып қара жердің тұла бойын,
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.
1 - жүргізуші: Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
2 - жүргізуші: Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін - өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
1 - жүргізуші Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық - деп ән жолдаймыз.
Ән: 9 сынып оқушыларының орындауында «Жеңешем» әні
2 - жүргізуші: Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған «Ана- өмір шуағы!» атты аналар байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ аналарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету және ұлттық салт-дәстүрді, тіліміз бен дінімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, неке мен отбасы құндылықтарын алға тарту.
1 - жүргізуші: Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
2 - жүргізуші: Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауғақатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1 - жүргізуші:
Қатысушылар: Маденова Айсұлу
Иманбаева Айгерім
Жагипарова Мадина
Кулмағанбетова Айгерім
2- жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы: Кусаинова Б.С
Мүшелері: Картбаева Г.О.
1 – жүргізуші: Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
І - бөлім: «Таныстыру» деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аналарымыз өзін - өзі таныстырады. Таныстыру өзіндік фантазиясымен, әр түрлі жанрда (өлең, диалог, немесе сахналық қойылым арқылы көрсетіледі.
ІІ - бөлім Өнер сайысы(өз өнерін көрсету)
ІІІ - бөлім: «Сыр сандық» Бұл бөлімде аналарымыз мақал –мәтелдің жалғасын табады.
ІV бөлім: Сән үлгісі (көктем бейнесінде киім үлгісі)
V-бөлім: «Дәм думан» (берілген жеміс- жидектерден )
2 - жүргізуші. Құтты болсын мейрамы аналардың,
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын - деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
Ән: 0 - 1 сыныптың орындауында «Ақ дидарлы анашым»
1 - жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар:
Маденова Айсұлу
Иманбаева Айгерім
Жагипарова Мадина
Кулмағанбетова Айгерім
Аналарымыз сайысымыздың келесі бөліміне дайындалғанша тағы бір ән тыңдайық:
Би: 2-3 сыныптың биі
2- жүргізуші:
Білім құйған бойына
Қанып өмір жайына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Сайысымыздың келесі бөлімі Өнер сайысы
Ән: 8 сыныптардың орындауында « Асыл ана»
1-жүргізуші:
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы – деп, сайысымыздың келесі бөлімі
Сыр сандық сайысы.
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
(Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің. )
***
Ана алдында — құрмет,
(Ата алдында — қызмет.)
***
Ағайын — алтау,
(Ана — біреу.)
***
Ана алақанының аясы ,
(Ақ шынардың саясы.)
***
Ата-ананың қадірін, ( балалы болғанда білерсің.)
***
Ана сүтін ақтамағанды, (ешкім мақтамайды.)
***
Баласыз ана — (гүлсіз алма.)
***
Анада үш бақыт бар: (ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.)
Ән: 4 сынып би, тақпақ
2-жүргізуші:
Нәзік жандар қашанда ел еркесі,
Отбасының отанның берекесі.
О, қош жарқырап ортамызға,
Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе сайысымыздың келесі бөлімі
«Сән үлгісі»
Ән: 9 сынып оқушыларының орындауында «Ана»
V- бөлім «Дәм думан» сайыс
Ән: 8 сыныптың оқушыларының орындауында
1-жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін,
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
2-жүргізуші: Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы,
Ержігіттің бірінші ізгі арманы.
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы,
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні.
Хор: «Менің анам алтын!»
Құрметті көрермендер! Бүгінгі « Ана- өмір шуағы!» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.