" Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Елтай ауылының бастауыш  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Ельтай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области " 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

29.03.2022

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және
мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153
Жарлығы.
 Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк
қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
 1. Қоса беріліп отырған:
 1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі;
 2) Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілсін.
 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 22.02.2022 № 814 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
 2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
 3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми
жариялануға тиіс.
 Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 153 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
 Ескерту. Әдеп кодексі жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 22.02.2022 № 814 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл
атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді
ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.
 Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан
халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік
тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен
қарауға міндеттейді.

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст